Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау ұсынылды

3091
Adyrna.kz Telegram

Тұңғыш Президент күні мемлекеттік демалыс күндерінен алынып тасталуы мүмкін. Мәжіліс депутаттары бұл күнді Қазақстанда мемлекеттік мереке мәртебесінен айыруды ұсынып отыр, деп жазады "Адырна" тілшісі. 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында осындай тармақ бар. Ол 7 қыркүйекте Мәжілістің отырысында қаралады.

«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы күндерге және мемлекеттік мерекелерден алып тастап, әлеуметтік маңызы жоғары әлеуеті жоғары басқа да даталарға ұқсас етіп белгілеу ұсынылады», - делінген заң жобасында.

Еске салайық, 1 желтоқсанды мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні ретінде белгілейтін заң 2011 жылы желтоқсанда қабылданған болатын. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ - 1991 жылы 1 желтоқсанда Назарбаев алғашқы халықтық сайлауда Қазақстанның президенті болып сайланды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер