Назарбаевтың зейнетақысы 8,5 пайызға өсуі мүмкін - Тамара Дүйсенова

391
Adyrna.kz Telegram
Getty Images
Getty Images

Премьер министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қанша зейнетақы алатына байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үкімет отырысынан кейін журналистер Тамара Қасымқызына «Жаңа жылдан бастап зейнеткерлердің зейнетақысы 8,5 пайызға өсті. Жалпы осы зейнетақы мөлшері жеткілікті деп санайсыз ба? Сіздердің қосқан тиындарыңызды инфляция жеп жатыр» деген сұрақ қойылды.

Тамара Қасымқызының айтуынша, қазір елімізде 2,5 миллион зейнеткер бар.

«Егер де 6,1 триллион туралы айтатын болсақ, оның 4 триллионы ынтымақтастырылған және базалық зейнетақымен төленеді. Сіздер айтып жатқан аз, көп деген дүниені біз заңға сәйкес, инфляцияға байланысты көтеріп жатырмыз. Егер де инфлияцияның көлемі өсіп кетіп жатса, республикалық бюджетте оны қарауға мүмкіндік бар. Мысалы өткен жылы 5,4 миллиард теңге зейнетақыға бөлсек, биыл 700 миллиардқа көп беріп жатырмыз.
Сондай-ақ журналист вице-премьерге «Барлық зейнеткердің зейнетақасы өсіп жатқан кезде экс-президент, бас зейнеткердің зейнетақысы өсті ме? Ол кісі қанша зейнетақы алады?» деп сұрақ қояды.
Тамара Қасымқызы экс-президенттің нақты қанша зейнетақы алатынын ашып айтпады. Әйтсе де ол Нұрсұлтан Назарбаевтың зейнетақысы 8,5 пайызға өсуі мүмкін екенін ескертті.

«Біздің экс-президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пенсиясын президент әкімшілігі тағайындайды. Сондықтан да мен қазір ол кісінің қанша зейнетақы алатынын айта алмаймын. Әр бір орган зейнетақыны жеке өзі тағайындайды. Еңбек министрлігі әр органға сұраған мөлшер бойынша қаржы беріп отырады. Мысалы Қорғаныс министрлігі «Бізге мынанша көлемде қаржы керек» деп ұсыныс береді. Қазір 181 мың күш құрылымға тиісті мекеменің сұранысы бойынша Еңбек министрлігі қаржы аударып отыр. Ал олардың ішінде кім қанша зейнетақы алатынын мемлекеттік мекеменің өзі анықтайды», – деді ол.

Пікірлер