Қостанайдағы жарылыстан қаза болғандардың есімдері белгілі болды

2922
Adyrna.kz Telegram

Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жарылыстан қаза болғандардың есімдері белгілі болды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Өкінішке орай төрт адамды құтқару мүмкін боламды. Олардың есімдері мәңгі жадымызда сақталады: сатушы-кеңесшілер Ефимов Юрий Дмитриевич, Неводничий Александр Борисович, Мұрзабеков Темірлан Ержанович және қару-жарақ шебері Кравченко Вячеслав Викторович», - деп хабарлады«Оружейная палата» дүкенінің өкілдері.

Дүкен әкімшілігі аңшылыққа арналған ұнтақталған оқ-дәрі де, дүкеннің басқа да тауарлары мұндай күшті жарылыстың шығуына түрткі бола алмағаны анық деп отыр. Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталуда, тергеу жүріп жатыр.

«Авариялық-құтқару жұмыстары 15 сағатқа созылды. Сегіз зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді. Дүкенге келген бес адам, сатушы-кеңесші Некрасов Никита Юрьевич және кассир Дужик Светлана Владиславовна амбулаториялық емделуде. Директор Бескровный Сергей Васильевич ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген хабарда.

Еске салсақ, Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі өрт 3 қыркүйек күні басталған. Белгілі болғандай, дүкеннің жертөлесінде 2 адам қалып қойған, ал қызыл жалын бірден 2 мың шаршы метр аумақтағы сегіз тұрғын үйді жалмаған. 3 қыркүйекте аталмыш дүкеннің директоры ауруханаға жеткізілген, өрт үдей түскен.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер