30 млн-ның тойы: Нұр-Сұлтан қалалық ІІД қызметкері баласының тойын дүркіретіп жасады

2956
Adyrna.kz Telegram

Желіде Нұр-Cұлтан қалалық ІІД басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаевтың баласының тойын дүркіретіп жасағаны сөз болуда. Бұл туралы телеграм арнада айтылды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Бақытжан Малыбаев 2019 жылдан бері Нұр-Cұлтан қалалық ІІД басшысының бірінші орынбасарының қызметіне тағайындалған болатын. Тамыз айының 27-жұлдызында ұлының үйлену тойын қаладағы зәулім ресторанда өткізіп, 400 адамды мейман еткен. Телеграм арнасының авторының айтуынша бұл шамамен өнер көрсетуге келген әншілердің, шоумендердің қызметін қоспағанда 20-30 миллион теңгені құрайтыны айтылған.

"Қайырлы таң баршаңызға, әсіресе Нұр-Сұлтан қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан ​​Малыбаевқа. Кеше ұлын (құттықтаймыз!) Алматы қалалық әкімшілік полициясы бастығының ұлы Нұрлан Аманбектің жазда тойы өткен мейрамханада үйлендірді. Ал мынау өте қымбат мейрамхана, 400 қонаққа жұлдыздардың өнерін есепке алмағанда 20-30 млн. теңгені құрайды. Біздің полиция қызметкерлері демалуды біледі, ештеңе айта алмайсың" деп жазды арна авторы.

Пікірлер