Қырғызстанда Үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салынды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Ақылбек Жапаров президент әкімшілігі алқасының отырысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.
Ол президенттің барлық жарлығы мен тапсырмасы сапалы әрі уақытылы орындалуға тиіс екенін мәлімдеді.
«Егер сіз бір жерде ысырапшылдық көрсеңіз, ол жерге бармаңыз. Тойда жүрмеңдер»,— деді үкімет басшысы.
Еске салайық, 2022 жылдың ақпанында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров дәстүрлі мерекелерді өткізу кезінде шектеулер енгізу туралы жарлыққа қол қойған еді. Заңның мақсаты – азаматтардың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейін көтеру, сондай-ақ қоғамның рухани атмосферасына теріс әсер ететін діни рәсімдерді және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу.
Алматы облысы Alatau Investment Forum–да 300-ден астам инвесторды қабылдап, 776 млрд теңгеден аса инвестиция тартты
Заңсыз иемденілген активтерді тұлғалар мемлекетке өз еркімен немесе мәжбүрлі түрде қайтарады - Үкімет
