«Қандай ақымақтық?» Дүркіретіп той жасаған экс-депутатты әріптестері қолдады

1445
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев желіде тарап кеткен экс-депутат Мақсат Раманқұловтың мерейтойындағы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәжіліс алаңында журналистер Перуашевтан партияласының 50 жылдық мерейтойын ауқымды атап өтуін қалай бағалайтынын сұрады.

"Ол туған күнін атап өтетіндіктен біздің әріптестерімізді шақырды деген сөз. Туған күніне барсаң, онда не дайындалып жатқанын қайдан білесің, бұл - бір. Екіншіден, Мақсат Раманқұлов - беделді кәсіпкер. «Соңғы уақыттың өзінде ол 20-дан астам түрлі нысан, соның ішінде тұрғын үй салған», - деп жауап берді Азат Перуашев.

Мәжілісменнің айтуынша, Мақсат Раманқұлов су тасқыны кезінде қазақстандықтарға көмек көрсеткен.

«Тыңдаңыздар, біз оның өзі көмекке ақша жинап, су тасқынынан зардап шеккен Петропавлға көліктер жібергенін, көмек көрсеткенін неге айтпаймыз? Керісінше оның туған күнін қалай атап өткенін айтамыз. Қандай ақымақтық?” – деп ашуланды мәжілісмен.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін экс-депутат Раманқұловтың 50 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп жасағанын жариялаған болатынбыз.

Пікірлер