Құдайға құлшылық етуге мешіттің қажеті жоқ... Кешегі жұмада анау Астананың даулы мешітінде қаптаған тобыр!
Мешіт деген не өзі? Егер ол Алланың үйі болса, онда ұрлық қаржыға салынған (көпшілігінің айтуы бойынша) осы ғимаратта мұсылман қауымы неге қаптап жүр?! Әлде Алла әділдік, ақиқаттың ақ немесе тура (Алланың) жолы емес, ұры-қарының тірлігін қолдайды ма?
"Дінді ғалымдар мойындамайды, саясаткерлер елді басқару құралы ретінде пайдаланады, ал тобыр оған құлшылық жасайды" деген осы ма?
Христиандардағыдай Исламда мешіттің күмбезін алтынмен қаптамайды. Дін материальдық емес, ол санаға сәуле түсіретін рухани құндылық! Құдайға құлшылық ету үшін жалпы мешіттің қажеті жоқ, бір жайнамаз жетіп жатыр. Исламда рухани құндылықты материальдықтан жоғары қояды. Бұл Ислам мен буддизмнің басқа діндерден ерекше, өркениеттік ұстанымы. Анау, мешіттің люстрасының қымбаттығы, есігінің биіктігі т.б. көзі ашық, көкірегі ояу, саналы адамға түкке керегі жоқ. Ол, жем іздеген "соқыр тауықтың" тірлігі.
Кешегі, "ұры мешіттегі қаптағандарды" көргенде біздің қоғам өркениетке бет түзеген емес, талибандар мен салафилердің ортағасырлық қоғамын елестетеді. Кешегі қаңтарда дүкендер мен банктерді тонаған солар екенін билік әлі жасырып келеді. Бірақ, діни фанаттар билікке де, халқына да, мемлекетке де қорған болмайды! Олардың мақсаты төңкеріс жасап билікті алу. Ондай діни ағымдар диктаторлық режимге халықты қанап отыру үшін керек.
Дамитын қоғам Исламның экстремистік ағымдарын емес, дәстүрлі Ханифа масхатын ұстанып, Яссауидің жолымен жүреді және өз бойына Исламның "Жұмақ деген ананың табанында", "Бір адамды өлтіру бүкіл адамзатқа жасалған қастандық"... сияқты өркениеттік ілімдерін сіңіріп, көркем мінезді ұрпақ тәрбиелейді.
"Адырна" ұлттық порталы