Өзбекстан ондаған орысша әскери терминді мемлекеттік тілге аударды

103
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8r7QMiRvoYzj7G8KFq2Y6BxWZa68runjdSesTBmi.jpg

Фото: ЖИ

Өзбекстанда орыс тіліндегі әскери терминдердің 30-ына мемлекеттік тілдегі балама бекітілді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі 24.kg-ға сілтеп.

Жаңа атауларды әскери қолданысқа ресми түрде енгізу жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, «атака» сөзінің орнына hamla, «дубинка» сөзінің орнына darra, «противогаз» сөзінің орнына gazniqob, ал «фуражка» сөзінің орнына bo‘rk атауы ұсынылған. Сондай-ақ «блокада» термині qamal, «блиндаж» сөзі panajoy деп өзгертілген.

Мәліметке сәйкес, терминдер тізімін Өзбекстан қорғаныс министрлігі жанындағы жұмыс тобы әзірлеген. Ұсыныстарды мемлекеттік тілді дамыту департаменті жинақтап, кейін салалық мамандар қатысқан Терминологиялық комиссияның қарауына ұсынған.

Бұған дейін, қаңтар айында, талқылауға 41 терминнің баламасы шығарылған. Қорытынды тізімге олардың 30-ы енгізіліп, кейбір аударма нұсқалары өзгертілген. Жаңа атаулардың бір бөлігі тарихи дереккөздерден алынған, енді бірі өзбек тілінің заңдылықтарына сәйкес жасалған.

Бұл жұмыс 2020–2030 жылдарға арналған өзбек тілін дамыту және тіл саясатын жетілдіру тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Пікірлер