Өзбекстан қарулы күштері АҚШ-тың Миссисипи штатындағы "SOUTHERN STRIKE - 2021" атты әскери оқу-жаттығуларын өткізді. Бұл әскери оқу-жаттығулары АҚШ-тың ұлттық гвардиясында 10 жыл бойы қатарынан өтіп келеді.
"SOUTHERN STRIKE - 2021" әскери оқу-жаттығуларының негізгі мақсаты-жаяу және құрлық әскерлеріне қарсы әскери операцияларды іске асыру;-әскери операцияларды іске асыру барысында жаяу әскерлерге авиациялық күштер арқылы тікелей көмек беруді іске асыру;-соғыс аумағындағы адамдарды соғыс жүріп жатқан фронттардан эвакуациялауды іске асыру;--әскери теңіз операцияларын іске асыру мақсатында жүргізілді.
Бұл әскери оқу-жаттығуларына АҚШ-тың ұлттық гвардиясымен қатар 4 елдің құрлық және әуе, теңіз әскерлері қатысты. Оның ішінде Өзбекстан да бар. Қатысушылар өздерінің тәжірибесі мен біліктілігін арттыру мен әскери қорғаныс саласындағы әріптестікті нығайту мақсатында өзара ынтымақтастықты күштейтуді көздейді.
"SOUTHERN STRIKE - 2021" халықаралық бірлескен әскери оқу-жаттығулары алдағы уақытта да жалғасын табады", - деді АҚШ-тың ұлттық гвардиясының полковнигі Синди Смит. Ал, келесі әскери оқу-жаттығулары Галфпорттегі "Меридиан" әскери-теңіз оқу-жаттығулары базасында өтетін болды.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы