Трамп: Демократтар жеңсе, Вето мырзаға айналамын

187
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jUs4Bwqzp1e2ouJ1MUy4IuSFN3bnBW0jFZHcqp8d.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы аралық сайлауда Демократиялық партия жеңіске жетсе, Конгресте партия ұсынған барлық бастамаға вето қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Егер бұл партия жеңсе, мен «Вето мырзаға» айналамын», – деді Трамп Fox News телеарнасының жүргізушісі Миранда Девайнға берген Pod Force One подкастындағы сұхбатында.

Сондай-ақ ол вето құқығын үнемі пайдалану арқылы демократиялық партия өкілдерін президентпен «келісім жасауға» мәжбүрлей алатынын айтты.

АҚШ Конгресіне аралық сайлау 3 қарашада өтеді. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, Трамп мүше Республикалық партия Демократиялық партиядан кейін қалып келеді. Демократтар Өкілдер палатасында басым көпшілікке, ал Сенатта аздаған артықшылыққа ие болуы мүмкін. Сенат – АҚШ парламентінің жоғарғы палатасы.

Дональд Трамп сайлауалды науқанға белсенді қатысып, АҚШ-тың түрлі штаттарын аралап, тұрғындарды республикашыл кандидаттарға дауыс беруге шақырып жүр.

Қыркүйек айында ол республикашылдар сайлауда жеңіске жеткен жағдайда, әрбір кәмелетке толған америкалыққа 5 мың доллардан төлеуге уәде беріп, бұл бастаманы «Трамп дивидендтері» деп атаған.

Ал қазан айының ортасында Трамптың командасы Аляска штатындағы сайлау нәтижелерін Демократиялық партия кандидаты жеңіске жеткен жағдайда жарамсыз деп тануды талап етіп, сотқа жүгінген. Алайда 1 қарашада федералдық судья талап-арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарған.

Пікірлер