Трамп «жасанды интеллект» терминіне тыйым салмақ

140
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TBeQF3eARSBseVxoxogGSV1m4PH9DGTQQGkuMlFo.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада «жасанды интеллект» терминін ресми түрде қолдануға тыйым салуға уәде берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жақын арада барлық тиісті құжатта. және басқа да материалдарда «ЖИ/жасанды интеллект» терминін қолдануға ресми түрде тыйым саламыз», – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін қыркүйек айының соңында, Трамп мемлекеттік органдарға жасанды интеллектіні «суперинтеллект» деп атауды міндеттейтін жарлыққа қол қойған еді. Алайда ол бұл бастаманың нақты қалай жүзеге асырылатынын және талапты бұзғандарға қандай шаралар қолданылатынын түсіндірмеген.

Пікірлер