Өз еркімен бе? Ресейді Түркі ұйымына қосу ұсынылды

300
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vH8SdjSkFvw49lKpgL8FUyfAGPgVa1T0nzaBNWeC.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөйлеген сөзінде «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматына Ресейді қосуды ұсынды, деп хабарлайды "Адырна".

“Ұйымымыздың беделін арттыру үшін Ресейдің ниетіне оң пікірімізді білдіріп, бұл елді осы форматқа қосылуға немесе Ұйымға бақылаушы ретінде қатысуға шақырсақ, дұрыс әрі әділетті шешім болар еді. Өйткені Ресей ірі мемлекет ретінде көне заманнан бері түркі әлемімен тығыз байланыста болған. Бұл елде тарихи мекенін тапқан түркі халықтары көп. Қазіргі таңда Ресей «Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» деген тұжырымдаманы дәріптеуде. Қазақстан бұл тұжырымдаманы қолдайды. Орыс тілінде түркі тілдерінен тамыр тартатын сөздер де аз емес. Жалпы, Ресей түркі елдерінің, яғни біздің Ұйымның бір бөлігі болса, бәрімізге пайдасын тигізер еді", – деді Мемлекет басшысы.

Ресей жағы әзірге бұл туралы әрқандай бір реакция білдірмеді. 

Пікірлер