Абай облысының Курчатов қаласы «Жасыл аймақ» апталығына белсене қатысты

1439
Adyrna.kz Telegram

«Таза қаладан жасыл планетаға дейін». Курчатов қаласында осындай атаумен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы өтті.

Жастар ресурстық орталығының директоры Айжан Мұсатаева «Жасыл аймақ» апталығының бірінші күнінде жастар мен мекемелер ұжымдары ғана емес, зейнет жасындағы ардагерлер де сенбілікке келгенін айтты. Курчатовтықтар көшелерді, скверлерді, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды абаттандыру барысында ағаш түптерін әктеу жұмыстарын жүргізді. 42 ұйым мен кәсіпорын өкілдері техниканың күшімен  қаланы 40 тонна қоқыстан тазартты.

Акция басталғалы табиғат жанашырлары тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын тазартты. Бір күнде 1000-нан астам белсенді тұрғындар Курчатов қаласын тазалауға қатысты.

— Жастарымыз өз елінің патриоттары ретінде осы акцияға белсенді қатысып жатыр. Апта сайын өтетін сенбіліктерге қатысу арқылы қаламыздың ғана емес, бүкіл еліміздің экологиясын жақсартуға атсалыса алатынымызға сенімдімін, - дейді Айжан Мұсатаева.

- Қаламыздағы сенбілік шараларына жастардың белсенді қатысып жатқаны қуантады. Әрине, біз, ардагерлер де, қалыспауға тырысамыз. Өйткені қоршаған ортаға қамқорлық — бұл біздің болашақ өмірімізге қамқорлық. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, көгалдандырып, Жер шарын таза әрі жасыл планетаға айналдыруға атсалысамыз, - дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Жұмаділов.

Пікірлер