Қазақстандық парадзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде үш медаль жеңіп алды

201
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1MlrJsktrqWswtz8vpYXlTvMzuoFIwMxJrwtVc9D.jpg

Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна".

52 келіге дейінгі салмақта J1 санатында өнер көрсеткен Альфия Тілекқабыл финалда Бразилия спортшысы Де Андрадемен белдесті. Отандасымыз қарсыласын иппон әдісімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Ерлер арасындағы бәсекеде Асылан Нұрдәулетов күміс, ал Ибрагим Нұрмаханұлы қола медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының алғашқы күнін бір алтын, бір күміс және бір қола медальмен қорытындылады.

Пікірлер