Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия–Тынық мұхиты аймағы бойынша өтіп жатқан Juniors Davis Cup әлем чемпионатының іріктеу турнирінде қазақ жасөспірімдері Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ұтты. Бүгін ел өрендері қытайлық Тайбэймен бәсекелеседі. Бұл туралы Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.
Жасөспірімдер командасы D тобында бастапқы кездесуінде Жаңа Зеландия құрамасымен шеберлік байқастып, бақ сынасты. Алдымен Заңғар Нұрланұлы 58 минутта Фин Уилманды тізе бүктірді – 6:0, 6:1.
Әмір Омарханов та қалыспай, Кай Милборнды 6:1, 6:2 есебімен ұтты. Содан кейін Әмір Дамир Жалғасбаймен бірге жұптық сында қарсыластарын қапы қалдырды – 6:3, 6:2.
Бүгін қазақ спортшыларының қытайлық Тайбэй командасымен кортқа шығады хабарланды.
"Адырна" ұлттық порталы