Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден әлем чемпионатында күміс медаль алды

84
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8X4Ubezv9PNBj926dc3t5pvwP7mzE56apyqDFqaz.webp

Фото: olympic.kz

Будапештте өтіп жатқан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды "Адырна".

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, қазақстандық спортшылар акробатикалық бағдарламада күміс медаль иеленді. Құрама төрешілерден 203,0926 ұпай жинап, жарыстың екінші сатысына көтерілді.

Қазақстан намысын бұл бәсекеде Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, София Ичшенко, Мақпал Қалмұрза, Полина Мерзлякова, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Анастасия Воронкова, Тахмина Заирова және Салима Ақылбек қорғады.

Алтын жүлде 232,2147 ұпай еншілеген Ресей құрамасына бұйырса, Беларусь спортшылары 200,9777 ұпаймен үшінші орын алды.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының чемпионаттағы жүлде саны үшке жетті. Бұған дейін Виктор Друзин қола медаль жеңіп алса, Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Пікірлер