Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Назарбаеваның ауруханада ем алып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеп.
Алматыдағы президент іс басқармасының медициналық орталығына қарасты ұлттық госпитальда бес айдан бері ем қабылдауда.
Мекеме өкілдерінің айтуынша, ем-дом стандартқа сай жүргізілуде. Ал науқастың диагнозы мен жағдайы дәрігерлік құпияға байланысты жария етілмейді.
Бұған дейін, мамыр айында, 84 жастағы Сара Назарбаеваның денсаулығы ауыр деген ақпарат тараған. Кейін кейбір басылымдар оның қайтыс болғаны туралы хабар таратқанымен, бірінші президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.
Ұқсас жаңалықтар
"Халықты соғыссыз-ақ қырасыз" - қазақстандықтар Денсаулық сақтау министрінің отставкаға кетуін талап етті