Крокус Ситидегі қылмыс. Ауғанстан азаматы 20 жылға сотталды

217
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IR71rCsNIuD2VxC2TstD8APIPtGSaLzjDJtJBvUd.png

АҚШ соты Ауғанстан азаматы Мохаммад Шарифулланы 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды “Адырна”. 

АҚШ дерегінше, ол «Ислам мемлекеті – Хорасан» (ИГИЛ-Х, Қазақстанда тыйым салынған ұйым) террористік тобына шамамен он жыл бойы көмектескен.

Тергеу мәліметінше, Шарифулла содырларға автомат Калашниковпен жұмыс істеу жөнінде нұсқаулық берген және шабуыл кезінде олармен байланыста болған. Ол 2024 жылғы 22 наурызда Мәскеудегі «Крокус Сити Холлда» жасалған шабуылға қатысушылармен байланыс орнатқан.

Сонымен қатар, 2021 жылы Кабул әуежайының Abbey Gate қақпасында болған жарылысқа дейін Шарифулла әуежайға баратын жолды барлап, «Талибан» бақылау бекеттерінің жоқ екенін топ басшылығына хабарлаған. Жарылыстан 13 америкалық әскери қызметші және шамамен 160 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

АҚШ әділет министрлігінің мәліметінше, Шарифулла 2016–2025 жылдар аралығында оннан астам террористік шабуылға қатысқан. Ол барлау жұмыстарын жүргізіп, жанкештілерді тасымалдаған, қару жеткізген және жарылыстарды террористік насихат үшін түсірген.

Шарифулла 2025 жылы ұсталған.

Пікірлер