"Венесуэла билігіне араласады". Трамп мәлімдеме жасады

258
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

АҚШ Венесуэла аумағында өткізген әскери операциядан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасына телефон арқылы сұхбат берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол операцияның сәтті өткенін атап, Николас Мадуро мен оның жұбайын ұстау мен елден шығару әрекетін таңқаларлық әрі керемет деп сипаттады.

Трамптың сөзінше, АҚШ Венесуэладағы жағдайды қадағалап, елді кім басқаратынын шешуге белсенді түрде араласады. Президенттің пікірінше, Мадуро қалдырған билікке ешкім өз еркімен ие болмауы керек.

Сондай-ақ, Трамп операция барысында американдық әскери күштердің еш шығынға ұшырамағанын жеткізді. Ол Мар-а-Лаго резиденциясынан операцияны нақты уақыт режимінде бақылағанын, әр кезеңді көргенін және әскери бөлімдермен байланыста болғанын айтты.

Америка президенті операция жоспарын төрт күн бұрын бастағанын, бірақ ауа райының қолайсыздығы себепті кейінге қалдырылғанын атап өтті.

Венесуэла вице-президенті Делси Родригес АҚШ-тан Мадуро мен оның жұбайының тірі екеніне дәлелдер көрсетуді сұраған. Кейбір БАҚ деректеріне сәйкес, Родригес қазіргі уақытта Ресейде болуы мүмкін, алайда Ресей сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жалған деп мәлімдеді.

Пікірлер