Елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мектебінің түлегі Зара Жолдасбай SAT емтиханынан ең жоғары 1600 ұпай жинады. Бұл туралы Бұл Digital Business жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жасөспірім математика бөлімінен – 800, Reading and Writing бөлімінен – 800 балл алған. 2025 жылдың желтоқсанында оның нәтижесі 1450 ұпай болған.
Нәтижесін жақсарту үшін Зара жаз мезгілінде бұрынғы материалдарын қайта қарап, аптасына бес рет екі сағаттан дайындалған. Ал емтиханға үш апта қалғанда әлеуметтік желілерді толықтай өшірген.
Зара SAT-қа алғаш рет өткен жылы тыңғылықты дайындала бастаған. Ол nFactorial бағдарламасындағы төрт айлық интенсив курсқа қатысып, аптасына бес рет екі сағаттан оқыған.
Бұған дейін жоғары нәтижеге жеткеніне қарамастан, Зара бұдан да жақсы көрсеткішке қол жеткізуді мақсат еткен. Жазда ол әпкесінің кеңесімен SAT-ты қайта тапсыруға шешім қабылдап, ең алдымен өзіне жоғары нәтиже көрсете алатынын дәлелдегісі келген.
«Тамыз айындағы емтиханнан шыққан кезде шамамен 1570–1580 ұпай жинадым деп ойладым. Бірақ нәтижеде ең жоғары 1600 ұпайды көргенде қатты таңғалдым, өз көзіме сенбедім», – дейді Зара.
Қазіргі таңда бойжеткен Maqsut Narikbayev University университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша білім алып жатыр. Ол болашағын технология саласымен байланыстырады. Зара жасанды интеллект бағытында жұмыс істейтін ірі қазақстандық компаниялардың бірінде тағылымдамадан өтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар келешекте өзінің ЖИ-стартабын құру мүмкіндігін де қарастырмақ.
