Қытайда «кездейсоқ ұшырылған» зымыран төбеден құлап, жарылып кетті

1548
Adyrna.kz Telegram
Фото: Neftegaz.kz
Фото: Neftegaz.kz

Қытайдағы жеке компанияға тиесілі «Tianlong-3» ғарыш зымыраны «кездейсоқ ұшырылып» Хэнань провинциясындағы төбеден құлап, жарылып кетті. Бұл туралы 30 маусым күні аталған компания ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Зымыран Қытайдың Tianbing Technology компаниясына тиесілі, ол Space Pioneer деп те аталады. Оның өкілдері түсіндіргендей, зымыран өздігінен ұшырылды: борттық компьютер автоматты түрде өшіп, зымыран ажыратылған, кейін көтеріліп, сынақ стендінен оңтүстік-батысқа қарай 1,5 км жерде төбеден құлаған.

«Ұшыру зымыран корпусы мен сынақ стендінің түйіскен жеріндегі құрылымдық ақауға байланысты болды», - делінген ВВС жариялаған компанияның ресми мәлімдемесінде.

Компания зымыран адам тұрмайтын жерге құлағандықтан зардап шеккендер жоқ деп қосты. Алайда, құлағаннан кейін төбеде өрт шыққан.

Space Pioneer өкілдері Tianlong-3 зымыранының өнімділігі мен жұмыс механизмін SpaceX Falcon 9 зымыранымен салыстырды.

Пікірлер