Алғаш рет. Бакуде балықтың тоннасына 550 мың теңгедей субсидия бермек

186
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/satA62IAP0FOJ06RGbPZBAn6vk3QMBpNW6SzyrtE.jpg

Әзербайжанда балық шаруашылығы өнімдерін субсидиялау алғаш рет қолға алынады. Бұл туралы елдің ауыл шаруашылығы министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шешім аквамәдениет шаруашылықтарының өндірістік қуатын арттыру және елдің ішкі өніммен өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін көтеру мақсатында қабылданған.

Елде өндірілетін албырт тұқымдас және бекіре тұқымдас балықтардың әр тоннасына - 2000 манат (550 мың теңгедей), ал тұқы және жайын тұқымдас балықтардың әр тоннасына 600 манат (160 мың теңге шамасы) көлемінде субсидия берілмек.

Субсидиялар ауыл шаруашылығының электрондық жүйесінде тіркелген шаруашылықтарға өнімді тиісті құжаттарды рәсімдей отырып, жеткізушілерге ресми түрде өткізген жағдайда төленеді.

Сонымен қатар Нахчыван Автономиялық Республикасында асханалық жұмыртқаның жергілікті өндірісін қалпына келтіру мақсатында тіркелген құс шаруашылықтарына жеткізушілерге сатылған әр 1000 дана асханалық жұмыртқа үшін 30 манат көлемінде субсидия төленеді.

Пікірлер