Иран Ормұз бұғазын толығымен жапқанын айтты

219
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TA9mb1zQLdcWVpQY5XzFaOXS1fwjBU1IhmquhtQc.webp

Ормұз бұғазы кеме қатынасы үшін толығымен жабылып, Иран қарулы күштерінің бақылауына өтті. Бұл туралы Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Press TV-ге сілтеме жасап.

Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың стратегиялық маңызы зор бұғаз ашық деген сөзін «үлкен өтірікке» балады.

Резаидың айтуынша, алдағы күндері Ислам Республикасы Ормұз бұғазының сыртында кіруге шектеу қойылған аймақ құрылатынын жариялайды. Сондай-ақ ол Тегеранмен алдын ала келісімсіз бұл аймаққа кірген кез келген кеме Иранның санкциялық тізіміне енгізілетінін түсіндірді.

Одан бөлек, Резаи бұғаз арқылы өтуге тырысқан америкалық кемелерге Иран әскері оқ жаудыратынын, алайда қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін оларды суға батырмайтынын айтты.

«Иран мұнай тасымалдайтын контрабандалық америкалық кемелерді суға батырмау туралы шешім қабылдады, өйткені бұл аймақтағы қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін», – деді ол.

Бұған дейін Пентагонның Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) АҚШ күштері Харк аралы маңында, Жаск ауданында және Оман шығанағында Иранның үш мұнай танкеріне шабуыл жасағанын хабарлаған. Бұған жауап ретінде Иран күштері Ормуз бұғазында АҚШ-пен байланысы бар үш мұнай танкеріне соққы жасаған.

Пікірлер