Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастап келеді

153
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5v5aZDuK2VdjyKmt1KLpjdPsXROaS8T8YER1CaUw.webp

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орында тұр. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

4 қыркүйектегі мәліметке сәйкес, қазақстандық спортшылардың еншісінде 55 медаль бар. Оның 25-і – алтын, 13-і – күміс, 17-сі – қола.

Жалпыкомандалық есепте екінші орында Қырғызстан құрамасы орналасқан. Қырғызстан спортшылары 23 алтын, 24 күміс және 11 қола медаль иеленіп, жалпы 58 жүлде жинаған. Үздік үштікті Ресей құрамасы түйіндеп тұр. Ресей спортшыларының қоржынында 4 алтын, 6 күміс және 13 қола медаль бар.

Қазақстандықтар жарыс бағдарламасына енген 42 спорттың 31 түрінде бақ сынап үлгерді. Отандастарымыз аударыспақ, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, самбо, арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, ат жарыстары, құсбегілік және өзге де спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды.

Дегенмен, жарыстар әлі аяқталған жоқ. Сондықтан алдағы бәсекелердің қорытындысына қарай командалардың жалпыкомандалық есептегі позициясы өзгеруі мүмкін. Қазақстан спортшылары әлі 11 спорт түрінен сынға түседі.

Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 113 елінен шамамен 3 мың спортшы қатысып жатыр.

Пікірлер