Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогының үздігі атанды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8KkedGfoYxR8q7TF1hqdZuZcnPQcVTBLRpx23j4j.webp

Түркия астанасында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы аталған жарыста үздік атанды, деп хабарлайды "Адырна".

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, екі күнге созылған жарыста қазақстандықтар 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте І-орынға ие болды.

Атап айтқанда, Бекарыс Құдайберген (-50 кг), Баубек Ахмет (-60 кг), Бекали Еркен (-73 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг), Фатима Сұпығалиева (-52 кг), Інжу Жұмажан (-57 кг) өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды.

Сондай-ақ Расулхан Ғабит (-60 кг), Еркеназ Сембек (-57 кг), Тоғжан Төлеубай (+70 кг) күміс медаль иеленді.

Пікірлер