Қазақстанда бірқатар мемлекеттік ұйым қайта құрылады

127
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Riwyr3HeFZ1uCemkaCtnHsdmr1nmbq1GiD8Dx2ea.jpg

Қазақстан Үкіметі мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға бағытталған №604 қаулыны қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құжатқа сәйкес, бірқатар мемлекеттік ұйым біріктіріліп, қайта ұйымдастырылады. Мәселен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы «Қазақфильмге», ал «Камерата Қазақстан» ансамблі Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына қосылады.

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты үш ұйым Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының құрамына өтеді. Денсаулық сақтау жүйесінде Республикалық қан орталығы Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығымен біріктіріледі.

Сонымен қатар «Talap» КЕАҚ, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты және «Достық Энерго» АҚ толық таратылады.

Қаулының негізгі бөлігі 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Кейбір нормалар 2027-2028 жылдары кезең-кезеңімен енгізіледі.

Пікірлер