Жетісу облысында «Сарыөзек – Көктал» автожолында ірі жол-көлік оқиғасы болып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Апат жолдың 110-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Cobalt маркалы екі автокөлік соқтығысқан. Көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан көлікпен соқтығысқан.
Жол апатынан алты адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Оқиғаға қатысты өзге ақпарат тергеу нәтижесі бойынша белгілі болады.
Ұқсас жаңалықтар
