«Маша мен маймақтың» ісіне президент араласты. Ресейлік туындыға тыйым салынды

502
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Bg2xSnQP2EvUmCZif8YZYDDjHnCQA68NPLikIJWE.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік «Маша мен аю» анимациялық сериалының авторларына санкция салды. Бұл туралы тиісті жарлық 20 тамызда Украина мемлекеті басшысының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шектеулер сериалды жасаған «Анимаккорд» студиясына және бес ресейлік азаматқа қатысты енгізілген. Олардың қатарында студияның негізін қалаушы әрі бас директоры, сценарий авторы және туындыға құқық иесі бар.

Украина президентінің сайтында түсіндірілгендей, «Маша мен аю» мультсериалы елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Себебі онда «балаларға арналған контент ретінде бүркемеленген ресейшіл нарративтер» таратылады.

«РБК-Украина» басылымының жазуынша, бұл шешім мультсериалды Украина аумағында көрсетуге тыйым салуға мүмкіндік береді.

20 тамызда Зеленский Ресейге қарсы санкциялар туралы Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің шешімін күшіне енгізетін тағы үш жарлыққа қол қойған. Шектеулер Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарына, ресейлік шенеуніктер мен жеке тұлғаларға, сондай-ақ Олег Дерипаскаға тиесілі «Русал» тобына кіретін компанияларға бағытталған.

Эстонияның сыртқы істер министрі Маргус Цахкна 2026 жылдык маусымында «Маша мен аю» мультфильмі «Кремльдің жұмсақ күшінің бір бөлігі» екенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, мультфильм «балаларға арналған ойын-сауық контентіне кремльшіл және милитаристік идеологияны енгізіп, сонымен қатар Ресейдің агрессиясы мен империялық амбицияларын қалыпты құбылыс ретінде көрсетеді».

Сол айда Deadline басылымы Netflix стримингтік платформасы «Маша мен аюдың» жаңа екі маусымын көрсету құқығын сатып алғанын және бұған дейін шыққан маусымдар мен жобаның спин-оффтарына қатысты келісімді ұзартқанын хабарлаған.

Пікірлер