Украина президенті Қытайды Путиннің қолындағы "құралға" теңеді - БАҚ

1557
Adyrna.kz Telegram
Фото: ura.ru
Фото: ura.ru

Украина президенті Қытайды Бейбітшілік саммитіне қатысты айыптады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Gazeta.ru хабарлауынша Владимир Зеленский Қытайдың Бейбітшілік саммитіне көптеген елдердің өкілдерінің келуіне жол бермеуге тырысып жатқанын Сингапурде өткен конференцияда айтты.

«Ресей бүгінде әлемнің көптеген елдерін аралап, азық-түлік өнімдерін, ауылшаруашылық өнімдерін немесе химикаттарын шектеп, энергия бағасына қауіп төндірітенімен қорқытуда. Ресей әлемнің басқа мемлекеттеріне саммитке келмеу үшін қысым көрсетіп жатыр. Одан бөлек, Бейбітшілік саммитін дипломатиялық жолмен бұзуда кейбір мемлекеттердің Ресейге көмектесе бастағаны туралы да ақпарат бар», - деді Украина президенті Зеленский.

Президент Қытай елінің де мұндай әрекетке барғанын атап өтті.

"Қытай өкінішке орай, керісінше – елдердің Бейбітшілік саммитіне келуіне жол бермеу үшін жұмыс істеп жатыр. Бұл тек Ресейді қолдау емес, шын мәнінде соғысты қолдау», - деп түсіндірді Зеленский.

Айта кетейік, 31 мамыр күні Қытайдың Бейбітшілік саммитіне қатыспайтыны белгілі болған.

Пікірлер