Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасы

3006
Adyrna.kz Telegram
mail.kz
mail.kz

Әлеуметтік желіде келісімшарт бойынша қызметші А.Б. Елшібаеваны Қарулы күштер қатарынан заңсыз шығарғаны жайлы посттың жариялануы және батальон командирі тарапынан оған оғаш қылық көрсету фактісі бойынша келесіні хабарлаймыз:

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел түрде комиссия құрылып, әскери бөлімде тексеріске кірісіп кетті. Қатардағы жауынгер А.Б. Елшібаеваның әлеуметтік желілерге жариялаған фактілері анықталған жағдайда кінәлілер қатаң түрде тәртіптік жауапкершілікке тартылып, тіпті қызметтен шығарудан бастап қылмыстық іс қозғауға дейін жауап беретін болады.   

Тексеру барысы Қорғаныс министрінің жеке бақылауына алынды.

Осы мәселе төңірегінде туындаған барлық сұрақтар бойынша тікелей Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады: +77172721559, +77172721869.

Пікірлер