Жантүршігерлік жол апаты. Geländewagen Suzuki көлігін соғып, 2 адам қаза тапты

160
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1DlCzVpy8VbcMi2aU3o88exZ3hRFfp4Zy0mMMsp3.jpg

Алматының Алатау ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 27 шілдеде түнгі сағат 03:10 шамасында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Suzuki көлігінің жүргізушісі Шәріпов көшесінің қиылысында кері бұрылмақ болған кезде Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан Suzuki көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

«Suzuki автокөлігіндегі тағы бір жолаушы және Mercedes жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп толықтырды ПД өкілдері. 

Оқиға орнынан тараған суретте Mercedes көлігінің Geländewagen нұсқасы екені байқалған. 

Екі адамның қаза болуына әкелген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Пікірлер