15 адам қаза тапқан. Ақша тасымалдаған әскери ұшақ апатқа ұшырады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nbh6fLdYuKbyF6Y0xsWBALhA6bTjuRnbpB898weU.webp

Боливия әскери-әуе күштеріне тиесілі ұшақ Эль-Альто қаласының әуежайына қону кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

Жергілікті азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, әуе кемесі ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Салдарынан жанындағы тасжолға барып құлаған. 

Ұшақ бөлшектеніп, өртенген. Оның сынықтары сол сәтте жолмен өтіп бара жатқан көліктерге тиіп, бірнеше автокөлік зақымданды.

Ресми органның хабарлауынша, апат салдарынан кемінде 15 адам қаза тапқан. Олардың арасында экипаж мүшелері мен тасжолдағы көліктерде болған адамдар бар.

Ұшақ Боливияның орталық банкінің тапсырысы бойынша Ла-Пас қаласына жаңа банкноттарды тасымалдаған. Апаттан кейін ақша купюралары айналаға шашылып кеткен. Оқиға орнына жиналған адамдар оларды жинауға тырысқан. 

Тәртіп сақшылары жұртты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

Оқиғадан кейін Боливия орталық банкінің басшысы Давид Эспиноса апатқа ұшыраған ұшақпен тасымалданған банкноттар жарамсыз деп танылғанын және төлем құралы ретінде қабылданбайтынын мәлімдеді.

Пікірлер