Қазақстандық оқушылар халықаралық химия олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды

171
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BdqJyopMjldHNKl7l4fL8d75lODRmqNz87aTVBfC.png

Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен халықаралық химия олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, төрт медаль иеленді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Биылғы білім бәйгесіне әлемнің 90-нан астам елінен 350-ден астам дарынды оқушы қатысты. Қазақстанның ұлттық құрамасы 100 пайыздық нәтиже көрсетіп, команданың барлық төрт мүшесі жүлдегер атанды. Қоржынға бір алтын және үш күміс медаль түсті.

Алтын медальді Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Айзере Жеңісханова жеңіп алды.

Күміс жүлдені Алматы қаласындағы №134 лицейдің оқушысы Данил Полетаев, Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әбілмансұр Қали және Spectrum International School мектебінің оқушысы Аңсар Жақсылықов иеленді.

Олимпиада барысында қатысушылар бес сағатқа созылған теориялық және практикалық кезеңдерде күрделі химиялық есептерді шығарып, зертханалық жұмыстарды орындады.

Пікірлер