«Атамекен» ҰКП экс-басшысының жазасы жеңілдетілгені айтылды

152
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HPNJaEYQjXrnOeSZ3GUGhL5iueqEGVXVM30iodLU.webp

Алаяқтық жасағаны үшін сотталған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтің жазасы жеңілдетілді. Бұл туралы shyndyk.kz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті экс-басшының жазасын үй жағдайында электронды бақылаумен өтеп жатқанын жеткізген.

«Сот шешімімен оған тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылды. Сотталғандарға қатысты мәселелерді қарау және шешім қабылдау сот органдарының айрықша құзыретіне жатады», – деп жауап берген ҚАЖК.

Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айында сот Абылай Мырзахметовті аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныған болатын. Оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаг. Сонымен қатар сот Мырзахметовтің 5,8 млрд теңге көлеміндегі мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарған.

Пікірлер