Экономика мұнайға тәуелділік көлеңкесінен арылуда

113
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZmkVtCZqVumMbnCuRReBRKZQiKQirF4WsBSvJpQD.jpg

2026 жылдың алғашқы бес айы Қазақстан экономикасының құрылымы қаншалықты терең өзгеріп жатқанын бағалауға мүмкіндік беретін ең маңызды кезеңдердің біріне айналуда. Бір қарағанда, ЖІӨ-нің 3,7%-дық өсімі айтарлықтай жоғары көрсеткіш болып көрінбеуі мүмкін. Әсіресе экономика тек шикізат факторының есебінен әлдеқайда жоғары қарқынмен өскен бұрынғы мұнай циклдерімен салыстырғанда. Алайда қазіргі жағдайдың маңызы мүлде басқа қырынан көрінеді.

Ұзақ уақыттан бері алғаш рет Қазақстан мұнай секторындағы баяу серпін жағдайында да салыстырмалы түрде тұрақты экономикалық өсім көрсетіп отыр. Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша өнеркәсіп оң өсім аймағына шығып, нақты көлем индексі 102,5%-ды құрады. Жылдың басында жағдай әлдеқайда әлсіз болып көрінді, өйткені мұнай өндірісінің қысқаруы жалпы көрсеткіштерге қысым туғызды. Бірақ қазірдің өзінде айқын көрініс: экономика біртіндеп өсудің басқа көздеріне сүйене бастайды.

Қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу өнеркәсібі болды, онда өндіріс көлемі 9%-ға өсті. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібінің үлесі елдің өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінің 46,5%-на жетті. Қазақстан экономикасы үшін бұл сапалық жағынан өзгеше белгі. Ұзақ жылдар бойы өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіптің ең осал сегменттерінің бірі болып келді, жабдықтың импортына, шектеулі ішкі нарыққа, логистиканың жоғары құнына және салыстырмалы түрде әлсіз өндірістік базаға тәуелді болды.

Қазір жағдай өзгере бастады. Бұл өзгерістердің қосымша дәлелі инвестициялық динамика болып саналады. Қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіпке салынған инвестициялар 29,2%-ға өсті, ал олардың көлемі алғаш рет тау-кен өндіру секторына салынатын салымдардан 1,0 трлн теңгеге қарағанда 1,1 трлн теңгеден асты.

Қазіргі инвестициялық динамика көп жағдайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан экономиканы құрылымдық қайта жаңғырту бағытын көрсетеді.

Оның негізгі басымдықтарының бірі – капиталды жоғары қосылған құн қалыптастыратын және жаңа өндірістік тізбектер құратын салаларға қайта бөлу. Сондықтан өңдеу саласына салынған инвестициялардың өндіруші секторға қарағанда артуын жай ғана статистикалық нәтиже емес, болып жатқан өзгерістердің маңызды индикаторы ретінде қарастыруға болады.

Бірақ өсу қарқыны ғана емес, оның құрылымы да маңызды. Жеделдету бір уақытта бірнеше салаларда байқалады, олардың экономикалық табиғаты әртүрлі.

Бұл жағдай жекелеген жобалардың жергілікті әсері немесе бір реттік бюджеттік ынталандыру туралы емес, ішкі өндірістік циклдің біртіндеп кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. 

Ең жоғары өсім қарқынын машина жасау саласы көрсетуді жалғастыруда. Бұл сектордағы өндіріс көлемі 22,2%-ға артты. Өсім көлік құралдарын, теміржол техникасын, ауыл шаруашылығы машиналарын, электр жабдықтары мен электр тауарларын шығаруды ұлғайтумен қамтамасыз етілген.

Бұл жерде машина жасау экономика үшін ұзақ мерзімді әсер ету тұрғысынан негізгі салалардың бірі екенін түсіну маңызды.

Біріншіден, бұл металл мен химиядан бастап компоненттерге, логистикаға және қызмет көрсетуге дейінгі ең ұзақ өндірістік тізбектерді құрайды. Екіншіден, машина жасаудың өсуі әдетте ішкі инвестициялық белсенділікпен тікелей байланысты. Экономика техниканы, көлікті және жабдықты көбірек сатып ала бастағанда, бұл әрдайым инфрақұрылымдық, өндірістік және аграрлық жобалардың кеңеюін білдіреді.
Қосымша драйвер автомобиль жасау болып қала береді. Бес айдың қорытындысы бойынша автомобильдер шығару 31,1%-ға, ал машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 35,4%-ға ұлғайды.

Іс жүзінде Қазақстан қазір терең өңделген өнімдерге деген өзіндік өнеркәсіптік сұранысты қалыптастыра бастады. Бұл бұрынғы модельден түбегейлі ерекшеленеді, өйткені бұған дейін мұндай өнімдердің едәуір бөлігі негізінен импорт арқылы қамтамасыз етіліп келді.

Сонымен қатар бұл саланың әлеуеті әлі де толық сарқылған жоқ. Көлік дәліздерін дамыту, теміржол инфрақұрылымын кеңейту, аграрлық секторды жаңғырту және логистиканың өсуі отандық машина жасау өнімдеріне сұранысты қолдауды жалғастыратын болады. Техника мен жабдыққа сұраныс жоғары болып қалатын Орталық Азия мен ЕАЭО ішіндегі өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету қосымша серпін бере алады.

Құрылыс материалдары өндірісіндегі жағдай да айтарлықтай көрсеткішке айналып отыр. Қаңтар–мамыр қорытындысы бойынша өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі 18,7%-ға өсті. Бұл көбіне экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып қалып отырған құрылыс саласы тарапынан сұраныстың әлі де жоғары екенін көрсетеді.

Кәсіпорындар инфрақұрылымдық және тұрғын үй құрылысына тікелей қажет өнімдер өндірісін ұлғайтып жатыр. Атап айтқанда, есік пен терезе өндірісі 22,3%-ға, минералды мақта өндірісі 20%-ға, бетон конструкциялары 19,6%-ға, портландцемент 16,1%-ға, ал кірпіш өндірісі 15,7%-ға артты.

Тамақ өнеркәсібі де өңдеу саласының ең тұрақты бағыттарының бірі болып қалып отыр. Қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша саладағы өндіріс көлемі 14,3%-ға өсті. Бұған дайын мал азығы өндірісінің (+38,9%), өсімдік және жануар майлары мен тоңмайлары өндірісінің (+22,6%), сондай-ақ ет өнімдерінің (+20,8%) артуы ықпал етті. Экспортқа бағытталған көптеген салалардан айырмашылығы, тамақ өнеркәсібінің өсімі негізінен ішкі сұранысқа сүйенеді. Бұл оны сыртқы тұрақсыздық кезеңдерінде экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды факторлардың біріне айналдырады.

Дәл осы салалар қазір жаңа инвестициялардың негізгі бағытына айналғаны ерекше назар аудартады. Қаңтар–мамыр аралығында тамақ өнеркәсібіндегі капитал салымдары 173,1%-ға, құрылыс материалдары өндірісінде 172,9%-ға, ал химия өнеркәсібінде 51,4%-ға өсті.
Көптеген жылдар бойы экономика бір мәселе қайталанып келді: негізінен шикізат экспортталып, ал терең өңделген өнімдердің айтралықтай бөлігі қайта импортталатын. Қазір бұл модель біртіндеп өзгере бастады. Бұл жердегі мәселе тек ішкі импортты алмастыру ғана емес, сонымен қатар өндірістік базаның кеңеюіне қарай Қазақстан шикізаттық емес экспортты, әсіресе Орталық Азияға, ЕАЭО елдеріне және Орта дәліз бойындағы транзиттік нарықтарға жеткізуді ұлғайту мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұл, әсіресе, азық-түлікке, химия өнімдеріне, құрылыс материалдарына, металл өнімдеріне және машина жасау өнімдерінің жекелеген түрлеріне қатысты.

Осы ретте қазіргі өсім құрылымы ЖІӨ көрсеткішінің өзінен де маңыздырақ көрінеді. Экономика біртіндеп ішкі өсім көздерін – құрылыс, логистика, өнеркәсіп, өңдеу және инвестициялық цикл арқылы қалыптастыру қабілетін көрсетіп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, мұнай секторындағы әлсіз динамикаға қарамастан, экономиканың оң өсімді сақтап отырғаны ерекше мәнге ие.

Бірнеше жыл бұрын мұндай жағдай іс жүзінде мүмкін емес болып көрінер еді. Оның үстіне, мұнай өндіру көлемінің төмендеуі енді бүкіл өнеркәсіптің автоматты баяулауына алып келмейді, өйткені өңдеу салалары, құрылыс, көлік және ішкі инвестициялық сұраныс өсімге көбірек үлес қоса бастады.
Әрине, мұнайдан толық тәуелсіздік туралы айтуға әлі ерте. Мұнай секторы экспорттық түсімдердің, валюталық кірістердің және бюджет табыстарының негізгі көзі болып қала береді. Алайда экономикалық модельдің логикасы түбегейлі өзгеріп жатыр: өндіріс көлемінің төмендеуі енді экономиканың автоматты тоқырауын білдірмейді.

Бәлкім, бұл — 2026 жылдың алғашқы бес айындағы ең маңызды құрылымдық нәтиже. Қазақстан біртіндеп өсім тек шикізат экспорты есебінен ғана емес, сонымен бірге өзінің өнеркәсіптік, инвестициялық және шикізаттық емес әлеуетін кеңейту арқылы қалыптасатын кезеңге қадам басып келеді.

Диверсификация енді тек стратегиялық құжаттарда ғана емес, нақты экономикалық статистикада да көрініс таба бастағанының белгілері барған сайын көбейіп келеді.

Бәлкім, бұл 2026 жылдың алғашқы бес айындағы ең маңызды құрылымдық нәтиже болып табылады. Қазақстан біртіндеп өсім тек шикізат экспорты есебінен ғана емес, сонымен бірге өзінің өнеркәсіптік, инвестициялық және шикізаттық емес әлеуетін кеңейту арқылы қалыптасатын кезеңге қадам басып келеді.

Диверсификация енді тек стратегиялық құжаттарда ғана емес, нақты экономикалық статистикада да көрініс таба бастағанының белгілері барған сайын айқындалып келеді.

Пікірлер