Трамп Мелонимен қарым-қатынасының нашарлағанын айтты

494
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Wox9urLgH5b89KMwHtlBcBZ44FOUK6U8yYZACOph.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен арадағы қарым-қатынасы туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол Ақ үйдің YouTube арнасында көрсетілген сөзінде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Шын мәнінде, мен оны жақсы адам деп санаймын. Біздің қарым-қатынасымыз сәл нашарлады, өйткені ол Иран мәселесінде бізге көмектесуден бас тартты», – деді саясаткер.

Трамп Иранға қатысты келіспеушіліктерге қарамастан, Мелониге оң көзқараспен қарайтынын атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы мәселе екі ел басшылары арасындағы қарым-қатынасқа аздап сызат түсірген.

Маусым айының соңында Трамп Францияда өткен G7 саммиті кезінде Мелонидің онымен бірге суретке түсуді «өтініп сұрағанын» айтқан болатын. Ақ үй басшысы оған жаны ашып, өтінішіне келіскенін мәлімдеді.

Өз кезегінде Мелони бұл мәлімдемені «толығымен ойдан шығарылған» деп атады. Ал Италияның сыртқы істер министрі Антонио Таяни Трамптың сөздерінен кейін АҚШ-қа жоспарланған сапарын тоқтатқан болатын.

Пікірлер