Қазақстан АҚШ әкімшілігімен өзара ықпалдастықты нығайтуға дайын екені хабарланды

115
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yKIvnxbr6Dbc9KjwGPgXDGcfrlAI9jSbSJGTtihI.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксимен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Президент Қазақстанның АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігімен сындарлы өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.

Ол Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің стратегиялық сипатына ерекше тоқталды.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық компаниялар үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге Қазақстанның бейілді екенін растады.

Тараптар аса маңызды пайдалы қазбаларды игеру, энергетика, цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект, көлік байланысын дамыту, озық технологиялар, ауыл шаруашылығы және қаржы қызметтері салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Өз кезегінде Хуш Чокси Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға зор әлеует бар екенін атап өтіп, стратегиялық маңызы бар бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Пікірлер