Каспий теңізіне батып кеткен 27 жастағы ер адамды іздеу жалғасып жатыр

65
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IyYTbNkBY76DnogT7WoEg62dNPEjSHDnWafBA95z.jpg

Маңғыстау облысында Каспий теңізіне шомылу кезінде суға батып кетті деген болжаммен 27 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды "Адырна".

Оқиға Ақтаудан шамамен 56 шақырым жерде орналасқан жабдықталмаған жағалау аумағында болған. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жедел жетті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, сүңгуірлер, жүзу құралдары және арнайы техника жұмылдырылған. Құтқарушылар теңіз акваториясы мен жағалау сызығын жіті тексеріп, жоғалған азаматты іздеуді жалғастырып жатыр.

Маңғыстау облыстық ТЖД тұрғындар мен туристерге жабдықталмаған жерлерде шомылу өмірге үлкен қауіп төндіретінін ескертті. Мамандар демалушыларды құтқарушылар кезекшілік ететін және қауіпсіздік талаптары сақталған ресми жағажайларда ғана шомылуға шақырды.

Пікірлер