Бірге тұруға келіскен. Кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам сотталды

980
Adyrna.kz Telegram

Кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 51 жастағы ер адамның ісі қаралды.

Ол 2023 жылдың шілде айында кәмелетке толмаған қыз баланы зорлаған. Тергеу мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз Павлодардағы дәмханалардың бірінде тәжірибеден өткен. Сол сәтте дәмханада аспаз болып жұмыс істейтін ер адаммен танысқан.

Ер адам мен қызбен әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп, артынша қызға бірге тұруға ұсыныс жасаған. Қыз ересек адаммен бірге тұру ұсынысын қабылдапты. Екеуі дастархан жайып, ішімдік ішкен. Артынша жәбірленуші ұйықтамақ болғанда, ер адам оны зорлаған.

Қыздың зорланғанын Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы растады.

"Жәбірленушінің зорланғанын достары айтып, көмек сұрағанын, ұялы телефонындағы хабарламаларын көреткен. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдермен дәлелденді", – деп атап өтті Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Құдабай Сұлтанов.

Алайда сот барысында 51 жастағы ер адам өз кінәсін мойындамады. Сотталушының айтуынша, ол қыздың кәмелетке толмағанын білмеген.

51 жастағы ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Пікірлер