Бүгін, 26 маусымда Астанадағы Азия парк ССО, Арман кинотеатрында «Әбіл» толықметражды көркем фильмінің қазақстандық премьерасы өтеді.
Көрсетілім сағат 19:30-да басталады.
Фильм туралы
1993 жыл. Приватизация. Совет үкіметі құлап, Қазақстан өз тәуелсіздігін алған кез. Қоғамдық экономикалық саясат социализмнен капитализмге ауысып жатты. Соған орай, бұғанға дейін мемлекетке ортақ боп келген қазына-мүлік халыққа үлестіріліп, жекешелендіруге өтпек. Бұл жекешелендіруден «Баянқазақ» колхозының шопаны Әбілдің де өз үлесі бар еді. Алайда, көп дүние ол ойлағандай болмай шықты.
Фильмнің жасалу тарихы
Фильмнің өндірісі 2022 жылы басталып, 2023 жылдың соңында толық дайын болды. Осыдан кейін фильм халықаралық фестивальдік сапарын бастап, Еуропа мен Азиядағы беделді кинофестивальдерде көрсетілді.
Халықаралық жетістіктер
Фильмнің әлемдік премьерасы 2024 жылы Busan International Film Festival аясында өтті. Кейін картина Азия мен Еуропадағы 10-нан астам халықаралық кинофестивальдің бағдарламасына еніп 10 жүлдеге ие болды.
Фильмнің халықаралық деңгейдегі марапаттары:
Франциядағы Vesoul International Film Festival of Asian Cinemas фестивалінде Jury Grand Prize, Critical Jury Prize және NETPAC Jury Prize
Bishkek International Film Festival фестивалінде «Үздік актер» жүлдесі;
Da Nang Asian Film Festival фестивалінде «Үздік әйел рөлі» жүлдесі;
Silk Road International Film Festival фестивалінде «Үздік ер адам рөлі» жүлдесі;
Dhaka International Film Festival фестивалінде «Үздік ер адам рөлі» және «Үздік операторлық жұмыс» жүлделері.
Франциядағы 17-UniverCine Nantes Film Festival фестивалінде Jury Prize және
«Көрермендер ықыласы» жүлдесі
Шығармашылық топ
Сценарий авторы және қоюшы-режиссер — Елзат Ескендір
Продюсерлер — Серік Әбішев, Сергей Әзімов, Ерлан Бекқожин
Халықаралық продюсер — Юлия Ким
Қоюшы-оператор — Йоланта-Анна Дылевска
Қоюшы-суретшілер — Сергей Копылов, Салауат Қабдолданов
Композитор — Ақмарал Мерген
Дыбыс режиссері — Илья Гариев
Кастинг директор — Нұрлығазы Қабдырақ
Атқарушы продюсерлер — Светлана Нам, Талғат Жұмасұлтанов
Креативті продюсер — Анна Вильгельми
Актерлік құрам
Басты рөлдерде:
Әбіл — Ерлан Төлеутай
Шынар — Нұржан Бексұлтанова
Меңтай — Қайсар Депутат
Майра — Інжу Әбдібек
Көкіш — Нұртас Бақыт
Өміш — Мирас Бүркітжан
Аюп — Қайрат Кемалов
Рөлдерде:
Тәкен — Әлихан Лепесбай
Баха — Мереке Сүлейменов
Азат — Азат Нұртаев
Болат — Ұлан Нүсіпәлі
Зоотехник — Мейрам Қайсанов
Завферма — Ернар Тіленшиев
Болаттың шопыры — Олжас Мүслімов
Нұрбек, мал дәрігері — Ербол Шүкіров
Қасен — Ғазиз Сұрапбаев
Аюптың әйелі — Махаббат Сарқытбаева
Қали — Төлеубек Тұралықов
Өміржан — Нұрбек Мұқышев
Фильмдегі басты рөлді белгілі дәстүрлі әнші, композитор, публицист және өнертанушы Ерлан Төлеутай сомдады. Оның актерлік жұмысы халықаралық фестивальдерде жоғары бағаланып, бірнеше мәрте «Үздік актер» аталымының жеңімпазы атанды.
Алматыдағы көрсетілім фильмнің халықаралық фестивальдік сапарынан кейінгі Қазақстандағы алғашқы кең ауқымды тұсаукесері болмақ.
Фильм өндірісі
«Әбіл» көркем фильмі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен және «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ қатысуымен өндірілді.
Фильмнің ресми дистрибьюторы — Tanaris Production.
Фильмнің Қазақстандағы прокатының дистрибьюторы - Sulpak Cinema.
