“Шекарадан тез өттік”: Ресей азаматы кино көру үшін Қазақстанға келген

3560
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Ресейлік ер адам Ресейде прокатқа шықпаған "Доктор Стрэндж: в мультивселенной безумия" фильмінің премьерасын көру үшін автокөлікпен Павлодарға барған.  Бұл туралы  "Тинькофф журналына” айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Мен кино көргенді жақсы көремін және өзіме ұнайтын фильмдердің премьерасын жіберіп алғым келмейді. Сондықтан, "Стрэндждің" премьерасын үлкен экранда, жақсы сапада көргім келіп мамыр мерекелерінде Новосибирск арқылы Павлодарға жолға шықтым. Новосибирскі мен Павлодардың арасы жақын, шамамен 580 шақырым", - деді Дмитрий Бутырин.

Ол досымен бірге 6 мамырда жолға дайындалар алдында коронавирусқа ПТР сынамасын тапсырып, 8 мамырда автокөлікпен жолға шыққан. Ресейлік азаматтар Павлодарға дейін жанар-жағармай құю бекетін қоса алғанда  4600 рубль немесе 30 600 теңге жұмсаған.

"Шекараға дейінгі жол бес сағатқа созылды, бұл бағыттағы жол сапасы нашар. Шекарадан өту қиын болар деген едім, тез өттік. Бар жоғы 30-40 минут уақыт кетті", - деді ол.

Шекарадан кірген бойда көлігін сақтандыруды ресімдеген. 15 тәулікке ең төменгі тариф оған 12 363 теңгеге шыққан.  Сондай-ақ, оның айтуынша, Қазақстанда жылдамдық режимін бұзғаны үшін қолданатын жаза әлдеқайда қатал.

Ресейлік Қазақстанда азық-түлік бағасы төмен екенін айтып таңғалды. Ресеймен салыстырғанда бір жарым-екі есе төмен екенін айтады.

Фильмге кіру 2200 теңге немесе 327 рубль болған, тіпті студент ретінде жеңілдік алған. Попкорн 1900 теңге немесе 282 рубль шыққан.

"Зал жақсы жабдықталған, бірақ адам толмады. Фильм премьерасы керемет өтті", - деп бөлісті Дмитрий Бутырин.

Ресейліктер Қазақстандағы сапарына 12 821 рубль немесе 82 мың теңге жұмсаған. Айтуларынша, ең көп ақша бензин мен автокөлікті сақтандыруға кеткен.

Адырна” ұлттық порталы.

Пікірлер