Қазақстандық паратаэквондошы Камиля Досмалова Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алматылық спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (К44 санаты) финалда Иран өкілін 2:0 есебімен жеңді.
Бұл Камиля Досмалованың халықаралық аренадағы алғашқы жетістігі емес. Ол бұған дейін Қазақстан атынан Паралимпиада ойындары мен Азия пара ойындарына қатысқан.
Камиля Досмалова 1992 жылы 11 тамызда дүниеге келген. Алматы қаласында тұрады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «заңгер» мамандығы бойынша білім алған. Ол спорттық мансабын 10 жыл бұрын бастаған.
Ұқсас жаңалықтар
