Ресейдегі зымыран кешені ядролық оқтұмсықпен жабдықталуы мүмкін

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PDlFv29pcZHR63r8JDgiDfjgyje0N78sHXa3cZLc.jpg

Ресей президенті Владимир Путин «Орешник» орта қашықтықтағы зымыран кешені ядролық оқтұмсықтармен жабдықталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Анадолыға сілтеп.

Бұл туралы ол Ресей қарулы күштері әскери қызметкерлерімен өткен кеңесте айтқан.

Путиннің сөзінше, 2025 жылдан бастап «Орешник» зымыран кешені жауынгерлік кезекшілікке қойылған және оның ядролық оқтұмсықтарды тасымалдау мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар Путин «Сармат» стратегиялық зымыран кешенінің сәтті сынақтарынан кейін әскери қызметкерлерді құттықтады. Оның айтуынша, бұл кешен жылдың соңына дейін жауынгерлік кезекшілікке енгізіледі.

Ресей басшысы «Сармат» зымыранының қолдану қашықтығы 35 мың шақырымнан асуы мүмкін екенін атап өтті. Сондай-ақ ол елде әлемде баламасы жоқ жаңа зымыран жүйелері жасалып жатқанын айтты. 

Путин Ресейдің стратегиялық тежеу күштерін жетілдіру жұмыстары 2000-жылдардан бері үздіксіз жалғасып келе жатқанын да атап өтті.

Пікірлер