Каспий Тегеран үшін стратегиялық бағытқа айналды – The New York Times

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VI0xaOABMdjwzh2igoZabioInoNpaKxIeR460AwM.jpg

The New York Times басылымы Ресейдің Иранға әскери және коммерциялық жүктерді Каспий теңізі арқылы тасымалдап жатқанын хабарлады. Газет мәліметінше, бұл бағыт АҚШ қысымы күшейген жағдайда Тегеранды қолдаудың маңызды арнасына айналған, деп хабарлайды “Адырна”

«Каспий теңізі санкциялар мен АҚШ-тың Ормуз бұғазындағы теңіз блокадасын айналып өтетін маңызды дәлізге айналған. АҚШ шенеуніктері Ресей осы бағыт арқылы дрондарға арналған бөлшектерді жеткізіп жатқанын айтады», делінген басылым жазбасында.

Сонымен қатар, Ресейден жөнелтілетін азаматтық жүктердің көлемі де артқан. Әсіресе бидай, жүгері және өсімдік майы секілді негізгі азық-түлік өнімдері Иранның Каспий жағалауындағы төрт порты арқылы жеткізіліп жатыр. Басылым мұны Иранның соғыс жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтау әрекетімен байланыстырады.

The New York Times дерегіне сәйкес, халықаралық жеткізу арналарына тәуелділікті азайту Иран үшін стратегиялық маңызға ие бола бастаған. Сондықтан Каспий бағыты Тегеран үшін тек сауда жолы ғана емес, сонымен қатар экономикалық тұрақтылықты сақтаудың маңызды тетігіне айналып отыр.

Наурыз айында Тегеранға қарсы соғыс қимылдары барысында Израиль мен АҚШ Ираннның Каспий теңізі жағалауындағы Бандар-Анзали портты қаласына 2 рет соққы жасады. Сонда шаабуылдың мақсаты Иран қорғаныс министрлігіне бағынатын теңіз орталығы екендігі айтылған. Соққылар Тамджиди теңіз орталығын зақымдаған. Бұл орталық Теңіз өнеркәсібі ұйымының құрамына кіреді және әскери кемелерді жобалау, өндіру мен жөндеумен айналысатын негізгі стратегиялық нысан болып саналады.

Одан алдын ЦАХАЛ Иранның Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштері мен порт инфрақұрылымына соққы жасағанын мәлімдеген. Әуе күштерінің жойғыш ұшақтары Иран әскери флотының негізгі нысандарын нысанаға алған. «Порт инфрақұрылымындағы ондаған әскери кеме орналасқан объектілерге соққы берілді. Олардың қатарында зымырандық кемелер мен күзет катерлері бар», – делінген сонда ЦАХАЛ таратқан мәліметте.

28 ақпаннан бастап Израиль мен АҚШ Иран аумағындағы бірқатар нысандарға, соның ішінде Тегеран қаласына шабуыл жасап келеді. Иран президенті Масуд Пезешкиан елдің энергетикалық және стратегиялық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарды қатаң айыптаған. Оның айтуынша, мұндай әрекеттер жағдайды күрделендіріп, бақылаудан тыс салдарға әкелуі мүмкін және оның әсері тек аймақпен шектелмей, жаһандық деңгейде сезілуі ықтимал.

   

Пікірлер