Ирандағы наразылық. Алғашқы демонстранттар дарға асылғаны туралы ақпарат тарады

111
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1Iz4O7ata0avmLXvo93I7IVmU0y9clctLMCOn88j.jpg

Ираннан наразылық акцияларына қатысқан азаматтарға шығарылған өлім жазалары орындалғаны жөнінде бейресми хабарлар тарауда. Ақпаратты «Алексей Железновтың арнасы» жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

Тараған мәліметтерге сәйкес, Керманшах қаласында танымал ирандық хирург, доктор Шааида Рустами дарға асылған. Хабарламада оның үкіметке қарсы наразылықтарға қатысқаны, сондай-ақ «Басидж» жасақтарының өкілдері алдында Израиль мен АҚШ туларын көрсеткені үшін айыпталғаны айтылған. Алайда бұл ақпаратқа қатысты Иран билігі тарапынан ресми растау әзірге берілген жоқ.

Сонымен қатар Иран қарулы күштерінің бас қолбасшысы Абд Рахим Мусаави елдегі соңғы толқуларды сыртқы күштердің алдын ала жоспарланған әрекеті деп бағалады. Оның айтуынша, бұл әрекеттер «дайындалған террористік құрылымдар» арқылы жүзеге асырылуда. Мусаави соңғы әскери қақтығыстардағы сәтсіздіктерден кейін Ислам Республикасының қарсыластары стратегиясын өзгерткенін мәлімдеді.

Аймақтық және батыстық дереккөздерге сүйенген кейбір БАҚ-тар наразылықтарды күшпен басу кезінде қаза тапқандар саны 20 мың адамға дейін жетуі мүмкін екенін хабарлауда. Бұл деректер де әзірге тәуелсіз түрде толық расталған жоқ.

Қалыптасқан жағдайға байланысты АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Ирандағы оқиғаларға қатысты ықтимал әрекет ету сценарийлерін құпия түрде талқылай бастағаны белгілі болды.

Осы уақытта Израильде сарапшылар Иранның жоғарғы рухани көшбасшысы ауысқан жағдайда да, оны исламдық режимнің толық күйреуі ретінде қабылдауға болмайтыны жөнінде ескертулер жасады. Олардың пікірінше, билік жүйесі тұлғалық өзгерістерге қарамастан сақталуы мүмкін.

Қазіргі таңда Ирандағы жағдайға қатысты ақпараттар шектеулі әрі қайшылықты болып отыр, ал ресми органдар тарапынан толық әрі ашық түсіндірмелер берілген жоқ.

Пікірлер