Біз ешкіммен бәсекеге түспейміз – Ренат Бектұров

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6YpAQStGjlGPhOEgD0DpgeYYr3Jz6ZTzNrLIOLmK.webp

«Әділет» саяси партиясының құрылтай съезінде партияның мүшесі Ренат Бектұров БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы әрі партияның басқарушылар тобының мүшесі Бектұров партияның басты мақсаты әділетті Қазақстан құру екенін атап өтті.

«Әділет» партиясының жарғысы 18 бөлімнен тұрады. Ал партия бағдарламасында бес негізгі құндылық белгіленген. Олар – әділеттілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық, жауапкершілік және прогресс.

«Бұл құндылықтар тек қағаз жүзінде қалмай, қоғам мен экономикада нақты көрініс табуы тиіс. Сондықтан біздің негізгі басымдықтарымыз айқындалған. Соның бірі – заң мен тәртіп», – деді Ренат Бектұров.

Қазіргі уақытта «Әділет» партиясы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми тіркеуінен әлі өтпеген. Партия өкілдерінің айтуынша, қазір қажетті құжаттарды жинау процесі жүріп жатыр.

Пікірлер