Басқармадағы дау. Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UqPZUbTVwY468ygcr4qGiHo0s3KGnozrkuMzHBLC.webp

Нұркен Нұратов Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрлік өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның отырысы өткенін айтты. Жиында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралған.

«Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Алматы облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығының басшысы Нұркен Нұратовтың кандидатурасын мақұлдады. Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңір спортын дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды»,-делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін бұл қызметті Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев атқарған еді. Ол орынбасары Дәурен Есімхановпен болған жанжалдан кейін 3 ақпан күні қызметінен кетті.

Пікірлер