Сурет салу арқылы қанша ақша табуға болады?

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/g7pQGHFEhYiFgtDSTY6SDelKBoyp23tfI86rzsse.jpg

"Адырна" ұлттық порталының YouTube арнасына Иран суретшілер одағының мүшесі, қазақстандық суретші Аңсаған Мұстафа қонақ болды. Сұхбат барысында өнер, қоғам, дін, жеке өмір және шығармашылық жолы туралы бірқатар маңызды тақырыптар қозғалды.

Суретші Иранмен байланысы жайлы айтып, ол жақтағы әріптестерімен қарым-қатынасын сақтап отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, оның бір туындысы Кореядағы музейге қойылғаны да сөз болды.

Қоғамдағы әйел рөліне тоқталған ол, кейбір елдердегі қыздарды шектеу мен қысым көрсету мәселесін көтеріп, әйелдерді төмендетпей-ақ олардың мүмкіндігін арттыру қажет екенін атап өтті. Бұл ретте ол продюсер Баян Мақсатқызын қолдайтынын білдірді.

Өнер мен діннің арақатынасы туралы пікір білдірген суретші, кей жағдайда өнерге қойылатын шектеулермен келіспейтінін ашық айтты. Оның айтуынша, сурет салуға тыйым салу – мәдениет пен тарихқа зиян келтіруі мүмкін.

Сұхбат соңында Аңсаған Мұстафа 17 сәуір күні Ұлттық музейде өтетін жеке көрмесіне көпшілікті шақырды. Сондай-ақ, "Пластика АРТ" бағытымен айналысып жүргенін және 50-ге жуық қазақтың ұлттық ою-өрнегін жинақтағанын жеткізді.

Пікірлер