Ирандағы мектептер қашықтан оқуға өтеді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mxpu4H4aNQ5pKA0bFUZSWaYnnCeH93A0nI8o3eIH.jpg

21 сәуірден бастап Иран билігі білім беру жүйесін толықтай онлайн форматқа көшіруді бастайды. Бұл туралы білім министрлігінің өкілі Әли Ферхади айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ISNA-ға сілтеме жасап.

Ол бұл шешім барлық білім беру деңгейлері мен сатыларына қатысты екенін нақтылады, алайда мұндай қадамның нақты себептерін айтқан жоқ.

«Қазіргі уақытта оқушылар мен оқытушыларды қашықтан оқыту форматына бейімдеу үшін техникалық дайындық жұмыстары жүргізілуде»,-деп түсіндірді  Ферхади.

Пікірлер