Зейнетақы қорындағы қаражат азайған ба?

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zKsO7n0hZrgJaANUCAKQk7nPvIw4W84RoZciSVrx.jpg

Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшыларының бірі шотындағы қаражаттың азайып кеткеніне байланысты қорға шағымданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Информбюроға сілтеп.

Оның айтуынша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін Отбасы банк депозитіне аудармақ болған. Алайда шоттағы соманың азайғанын байқаған.

БЖЗҚ өкілдері бұл жағдайды инвестициялық табыстың тұрақсыздығымен түсіндірді. Қор мәліметінше, салымшылардың зейнетақы жарналары түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады, ал одан түсетін табыс тұрақты болмайды және нарықтық жағдайларға тәуелді.

«Инвестициялық қызмет нәтижесінде есептелетін табыс көлемі әр кезеңде өзгеріп отырады. 2026 жылғы наурызда теңгенің долларға қатысты нығаюы және шетелдік басқарудағы активтердің нарықтық құнының төмендеуі инвестициялық табыстың азаюына әсер етті. Соның салдарынан салымшылар шотында теріс инвестициялық табыс есептелді», – деп хабарлады қор.

Сондай-ақ БЖЗҚ өкілдері инвестициялық шығындар кезінде салымшылардың жинақ көлемі уақытша азаюы мүмкін екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде мерзімінен бұрын алуға болатын қаражат мөлшеріне де әсер етеді.

Пікірлер